ӘН БАЙҚАУЫ

А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Біздерді ән біріктіреді» атты байқау өтті. 
Оған қала мен аудандардан жас өнерпаздар қатысты.
Байқауда өнер көрсеткен 12 өнерпаз 2 тур бойынша бақ сынады. Шарада басқарманың бөлім басшысы Мая Таскинбаева Тәуелсіздік күнімен құттықтап, қатысушы жастарға сәттілік тіледі.
Байқау қорытындысымен қатысушылар бағалы сыйлықтармен және облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовтің дипломымен марапатталды.

М.ЖАСҰЛАНҰЛЫ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 желтоксан 2017 г. 528 0