ҚОЛЫ АШЫҚТЫҢ ЖОЛЫ АШЫҚ

Көңілі даладай дархан қазақ елі қашаннан дос, туысқа есігі ашық, қиналғанға қамқор бола білген халық. «Қолы ашықтың жолы ашық» деген даналар келер ұрпағына жомарттықты жолдас, мәрттікті жанына серік ете білуге үндеген.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
Осындай игі істердің көшбасшысы болып жүрген ТОО ИБК «Сибу-Кызылорда», АО СНПС «Айдан Мунай», ИП «Темирлан», ТОО «Дәулет-Азия», «Облыстық филармония» ұжымы, «Қайсар» футбол командасы «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі мүгедек жандар мен қарт кісілерге көмектерін көрсетіп, ризашылықтарын алуда.
Ел Тәуелсіздігінің мерекесімен мейірімді жандарды бір топ ақсақалдар атынан құттықтай отырып, еңбектеріне толағай табыс, отбастарына бақ береке тілейміз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарған игі істеріңіз биіктерден көріне берсін деген ізгі тілек білдіреміз!

«№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі ақсақалдар алқасы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 желтоксан 2017 г. 624 0