АРНАУЛЫ АКЦИЯ

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің және Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай акция өтті.
Акцияға облыстық ішкі саясат, облыстық денсаулық сақтау басқармалары, облыстық жастар ресурстық орталығы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, облыстық жастар денсаулығы орталығы, емдеу-алдын алу мекемелерінің басшылары, жастар ұйымдары мен жоғары, арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты.
Шараның мақсаты – жастар мен жасөспірімдерді зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтына бағыттау, ЖИТС-тің алдын алу шараларын олардың арасында пәрменді жүргізу.
Акция барысында жастарды аты жаман аурудан сақ болуға, зиянды әдеттерден аулақ ұстауға үндеген көрініс қойылып, өлеңдер оқылды.  Соңында ЖИТС орталығы бас дәрігерінің орынбасары Қ.Шушаев ұйымдастырушылар мен акцияға қатысушы белсенділерді және бұқаралық ақпарат құралдары арасында жарияланған байқау қорытындысының жеңімпаздарын алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапаттады.
Барлыбек БАТЫР.





ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 желтоксан 2017 г. 491 0