«Байқоңыр Start-Up» бизнес идеялар байқауы өз мәресіне жетті

  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерейтойының қарсаңында Қызылорда облысында ағымдағы жылдың 12 желтоқсаны күні облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының ұйымдастыруымен алғаш рет«Байқоңыр Start-Up» бизнес идеялар байқауы өткізілді.
Байқауды өткізудің негізгі идеясы талантты, әлеуметтік жауапкершіліктері бар, иновациялық қызмет түріне және кәсіпкерлікке ынталы жастарды анықтау және қолдау, сондай-ақ бизнес-идеяларын жүзеге асыруға жәрдемдесу болып табылады.
Байқаудың мақсаты - кәсіпкерлердің жаңа буынын қалыптастыру үшін жаңа бизнес-идеяларды қолдау, іске асыру және инвестициялау арқылы жастар кәсіпкерлігін дамытуға жағдай жасау.
Байқауға 18 ден 29 жас аралығындағы облыс жастары қатысты. Облыс бойынша байқауға қатысуға 100-ден аса азамат өтінім білдірген. Бірінші кезеңде Байқау комиссиясымен алдын ала іріктеу өткізіліп, екінші кезеңге қатысуға 50 конкурсант жолдама алды. Байқау қорытындысының нәтижесінде 6 жеңімпаз анықталды. 1 орынды «Биологиялық ыдырайтын нанокомпозиттер» жобасын ұсынған Жақсылықов Еркебұлан Әділбекұлы жеңіп алып, 300 мың теңге ұтысқа ие болды. 2 орынмен Сырдария ауданының тұрғыны Алдаберген Аружан Жұмабайқызы және Қызылорда қаласының тұрғыны Әбдіраймова Іңкәр Халиқызы марапатталды. Марапат иелері 200 мың теңгеден ұтысқа қол жеткізді. 3 орынды Қармақшы ауданынан қатысқан Тұрсынбаев Азамат Сейфуллаұлы, Төребеков Әсет Сәбитұлы және Қызылорда қаласының тұрғыны Аманова Бахыт Мұратқызы өзара бөлісіп, олар 100 мың теңгеден ұтысқа ие болды. 

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 желтоксан 2017 г. 657 0