Ұмытылмайтын кездесу

Тәуелсіздік күні қарсаңында, «Өрт сөндіруші» АҚ Қызылорда облысы филиалында Қызылорда экономикалық колледжі студенттеріне сабақ берді.
Студенттерге өрт сөндірушінің жауынгерлік киімдері, «Drager» сығымдалған ауада тыныс алу аппараты және жылудан қорғайтын костюм ТОК-200 көрсетілді.
Филиал нұсқаушысы Н.Молдахметов мүмкін болатын өрттің шығу себептерін, сонымен қатар өрт болған жағдайда не істеу керек екенін түсіндірді. Өрт сөндіргіштерді қолдану тәртібі және тәсілін көрнекі құралдармен көрсетті. Сабақты барлық қатысушылар қызығушылықпен тыңдады, ал ер жігіттер жағы болашақта өрт сөндіруші болғысы келетіндерін айтты.
Қортындысында колледж директоры филиал жұмыскерлеріне алғыс білдіріп, болашақта осындай сабақтарды тұрақты түрде өткізіп тұруды ұсынды.

«Өрт сөндіруші» АҚ Қызылорда облыстық филиалы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 желтоксан 2017 г. 582 0