« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлері бірлесіп «Болашақ» колледжі студенттері арасында профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырды.
Жұмыс барысында азаматтық қорғаныс қызметкерлері тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау және алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдану туралы ескертті. Сондай-ақ қоғамдық орындардағы өрт оқиғасы кезіндегі іс-әрекетті есте сақтауға бағытталған «Сұрақ-Жауап» сайысы өтті.
Өз кезегінде Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі қызметкері суда, мұздың үстіндегі іс-қимыл ережелері және қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері туралы айтып өтті.
Полиция қызметкері жол-көлік оқиғасы бойынша қанша адам жарақат алғандығы туралы айтты. Сұхбат жұмысы барысында студенттерге жолда жүру ережелерін түсіндіріп, бұзған жағдайда салынатын әкімшілік айыппұл туралы ескертті.
Кездесу соңындамамандар бір қатар сұрақтарға жауап беріп «Қоғамдық орындардан қауіпсіз жерге көшу», «Абайлаңыз улы газ», «Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді!» тақырыптарында бейнероликтер көрсетіп, өрт қауіпсіздігі ережелері туралы жадынамалар таратты. Іс-шара барысына 250 колледж студенті мен 5 мұғалім қамтылды.
Халыққа хабар беру және
оқыту тобының бас маманы
азаматтық қорғау лейтенанты А. Сапаргалиев
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |