« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Балаға мейірімді Қазақстан!» атты халықаралық конференциясының щещімімен екінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Балаға мейірімді Қазақстан!» Республикалық балалар форум-фестивалі биылғы жылы 20-21 қараша аралығында Астана қаласында өтті.
Республикалық форум-фестивальдің мақсаты - «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы негізінде өскелең ұрпақтың жасампаз азаматтық ұстанымы мен бай рухани құндылығын қалыптастыру.
Балалар Форум-фестивалінің жұмысына республиканың барлық өңірлерінен келген 320 балалар қоғамдық ұйымдарының көшбасшысы, республикалық және халықаралық интеллектуалды олимпиадалардың және шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары қатысты. Қызылорда облысынан да шығармашылықта да, оқуда да биік жетістіктерге жетіп жүрген дарынды, талантты 20 оқушымыз қатысты.
Форум-Фестивальдің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев құттықтау сөз сөйлеп, берілген шараның Қазақстандағы балалардың құқығын қорғау жұмысын жақсартудағы маңыздылығына тоқталды, мемлекет өміріндегі баланың рөлін атап өтіп, балаларға алдағы уақытта табыстар тіледі.
Форум-фестивалге қатысушы балалар үшін республикада балалар қозғалысын ұйымдастырудағы және жандандырудағы өзекті мәселелерді талқылауға, балалардың шығармашылық, ғылыми, қоғамдық әлеуетін көрсетуге, балалар ұжымының арасында шығармашылық байланысты нығайтуға, шешім қабылдауға қатысудағы балалардың құқықтарын жүзеге асыруға арналған 12 алаң ұйымдастырылған. Қызылорда облысынан қатысып жатқан 20 оқушы өз қызығушылықтары мен көзқарастары дөп келетін әр алаңға бөлініп кірді.
«Балаға мейірімді Қазақстан!» Республикалық Форум-фестивальге қатысушы балалар Астананың көрнекті жерлерін аралап өтті. Осы форум-фестивальдің салтанатты аяқталуында фестивальге қатысушылардың гала-концерті өткізілді. Гала концертті Қызылорда облысынан бақта сайраған бұлбұлдай, таңдайынан бал тамған әнші оқушымыз Исабеков Бақдәулет (№7 орта мектебі) ашып берсе, Аймұрат Айсұлу (№8 мектеп-интернаты) өз өнерлерімен фестиваль қонақтарын ауыздарына қаратты.
Форум-фестивальге қатысушы балаларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |