Мереке қарсаңында қауіпсіздік пен тәртіп күшейтіледі

ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, «Тәуелсіздік күні» мемлекеттік мейрамын мерекелеу қарсаңында облыс орталығындағы криминогендік ахуалды сейілту, құқық тәртібі мен жол қозғалысы  қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын кең көлемде жүргізу мен қылмыстың алдын алу, орын алған қылмыстарды ашу, сондай-ақ көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстарды ескерту және жолын кесу бағытында желтоқсан айының 12-14 күндері аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілмек.
Шара барысында облыстағы қоғамдық орындар, мәдениет ошақтары, көшелер мен тұрғын үй аулалары қатаң бақылауға алынып, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау шаралары жүргізіледі.  

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 желтоксан 2017 г. 592 0