Тұрақтылық пен береке

«Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің жеке құрамына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жиналыс өткізілді.
Жасақ басшысының орынбасары М.Доспенбетов мерекелік баяндама жасады. Ол өзінің баяндамасында: «Тұрақтылық пен береке, бейбітшілік пен ұлтаралық келісім, бұл жетістіктер - Елбасы Тұңғыш Президентінің, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ойластырылған мемлекеттік саясатының нәтижесі» - екенін айтты.
Жиналыс соңында кадр бөлімінің бас инспекторы С. Жақанова жеке құрамға ел Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.А.Назарбаевтың тарихи рөлін, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуын түсіндірді, сонымен қатар жасақ қызметкерлеріне Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері туралы деректі фильм көрсетілді.

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 желтоксан 2017 г. 534 0