ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСТЕРІНІҢ СЕМИНАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

"Достық үйінің" конференц залында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңестерінің семинары болып өтті. Семинар жұмысына облысқа қарасты барлық аудандар мен ауыл округтерінен, Қызылорда қаласы аумағындағы кенттер мен ауылдық округтерінен барлығы 31 кеңес төрағалары мен мүшелері қатысты. Семинарды облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы А.Т.Жұмабаев жүргізді.
Іс-шарада облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық тобының жетекшісі Н.Мыңжас «Рухани жаңғыру мақалалық бағдарламаны жүзеге асырудағы Қоғамдық келісім кеңестерінің орны», қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы С.Әбішев «Жастар тәрбиесі, Қоғамдық келісім кеңестерінің оған ықпалы, күтілетін нәтижелері» тақырыптарында баяндамалар жасады. Сонымен қатар, Қармақшы аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ә.Құлдүйсенов 2017 жылдың 7 желтоқсанында Астана қаласында өткен ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық форумында қаралған мәселелер жөнінде әңгіме қозғады. Баяндамалардан кейін семинарға қатысушылар пікір алмасып, түрлі деңгейдегі Қоғамдық келісім кеңестерінің жұмыс жүргізу тәртібімен танысып, алдағы уақытта жұмыс жүргізуде басшылыққа алатындықтарын білдірді.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясының баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 желтоксан 2017 г. 616 0