Бюджеттің жалпы кірісі 1 млрд. теңгеге артты

Бюджеттің жалпы кірісі 1 млрд. теңгеге арттыШиелі. Биыл аудандық бюджеттің жалпы кірісі 8 млрд. 991 млн. теңге көлемінде бекітіліп, өткен жылмен салыстырғанда 1 млрд теңгеге жуық артық. 
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Марат Шоқанов аймақтық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында ауданның өз кірісі 1 млрд. 872 млн теңгеге өсіп, өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға көбейгенін жеткізді. «Аудан бюджетінің негізгі 62 пайызы білім саласына, 26 пайызы мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық салаларына, қалған 12 пайызы өзге салаларға бөлінген» дейді аудан әкімдігі баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 ақпан 2014 г. 813 0