Сырдария арнасынан асуы мүмкін екендігі ескертілді
Қазақстанның оңтүстігінде Сырдария арнасынан асып кетуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өзбекстанның гидрометеорологиялық орталығының дауылдық ескертуіне байланысты Сырдария өзенінде Көкбұлақ гидробекеті аймағында 11-12 желтоқсан аралығында су өтімінің 1500-1800 м3/с дейін артуы күтіледі, судың тасуы және жағалауды су басуы мүмкін», делінген «Қазселденқорғау» ММ сайтындағы хабарламада.