Жазасын өтегендер жұмыссыз қалмайды

Облыс орталығындағы ЗК-169/5 мекемсінде жуырда босатылатын жазасын өтеуші сотталғандармен кездесу өткізілді.

Алдын ала олардың денсаулық жағдайын, білім деңгейін,жұмыспен қамтылуын, сондай- ақ көрсетілетін әлеуметтік құқықтық көмектің  көлемін анықтау үшін қажетті мәліметтер, жеке тұлғасын зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге қатысқан Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі , қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті  полиция қызметі және Қызылорда қалалық пробация қызметі,Қызылорда облысы бойынша қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының өкілдері олардың босатылғаннан кейінгі құқықтары мен міндеттері , ішкі істер органдарына,пробация қызметіне, профилактикалық тіркеу,қазіргі еңбек нарығындағы  жағдайларға бейімдеу туралы түсіндірме жасады.

ҚР «Халықты еңбекпен қамту туралы » Заңына сәйкес мемлекеттік өкілеттік органдардың  делдалдығы арқылы  азаматтардың жұмыссыздықтан қорғалуына , жұмыс таңдауына және жұмысқа орналасуына  жәрдемдесуге кепілдік беретіндігі , мемлекеттік тарапынан берілетін  әлеуметтік көмектер туралы , «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған » бағдарламасының кеңінен асырылуы туралы айтты.

Р.Әлтаева

ЕТО жөніндегі аға инспекторы әділет майоры

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2017 г. 545 0