Жалағаш. Аудандық ішкі саясат бөлімі, «Темірқазық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Біз бірлесіп жеңіске жеттік» тақырыбында кездесу болып өтті. Жиынға Ауған соғысы ардагерлері, ішкі саясат бөлімі, қорғаныс істері жөніндегі әскерге шақыру бөлімшесінің басшысы және аудан жастары қатысты.
Жалағаш жерінен сол соғысқа 33сарбаз аттанған. Оның ішінде 4-і туған жерге тірі орала алған жоқ. Сол жылдарда ерлікпен қаза тапқан боздақтарды еске алып, 1 минут үнсіздік жарияланды. Жергілікті жастар интернационалист жауынгерлерге өз көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, Ауған соғысы жайлы білетіндерін ортаға салды.
Кездесу барысында Ауған соғыс ардагерлер және жастар арасында шахмат ойын жарыс түрлерінен күш сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша шахмат ойынында Бақберген Ерхан жеңімпаз атанды. Екінші орынды Зәкір Қазына, ал жүлделі үшінші орынды Дархан Мырза қанжығасына байлады.