ОРМАН АТА АТЫНДАҒЫ КӨШЕ

Тұңғыш Президент күні қарсаңында өткізілген бірқатар шаралар аясында Жаңақорған ауданының орталығындағы бір көшеге Ұлы отан соғысы және еңбек ардагері Орман Ильиясовтың атына көше берілді. 

 Жаңа қоныстар бой көтере бастаған «Саяжай»шағын ауданындағы көшеге Ұлы отан соғысы және еңбек ардагері Орман Ильиясовтың есімін беру салтанатына Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов қатысты. Аудан ардагерлері атынан Алшынбай Тұртанов, бөлесі Нұрбек Палымбетовтер сөз сөйлеп, ешкімнің де ешнәрсенің де ұмытылмайтындығын еске салды.

Орман Илиясов Батыс және Прибалтика майданында және 1,2,3-ші Беларусь майданындағы жауынгерлік ұрыс қимылдарына қатысқан кісі. Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз», «Ерлігі үшін»  және 7 медалді иеленген солдат. 1946-жылы соғыстан оралғаннан соң ұстаздық жолға түсіп, көптеген шәкірт тәрбиеледі. «Қаз ССР-і халыққа білім беру ісінің үздігі» атанған жан. Жан жары Шәмшия екеуі он ұл-қызды тәрбиелеп, өсірді. Олдардың барлығы тәуелсіз еліміздің түрлі салаларында еңбек етіп келеді.

Осы күні Жаңақорған аудандық спорт кешенінде ардагер атында волейбол және баскетболдан турнир өткізіліп, үздік шыққандар алғыс хаттармен марапатталды. «Бейбек» мейрамханасында ардагерге арнайы ас берілді.

 

Н. Назымханұлы, 

Жаңақорған кенті

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2017 г. 463 0