Жеңімпаздар анықталды

  Арал ауданында «Тұңғыш Президент күні» және «Тәуелсіздік мерекесі» құрметіне арналған мемлекеттік қызметшілер арасындағы дәстүрлі спартакиада өз мәресіне жетті. Осымен жетінші мәрте ұйымдастырылып отырған додалы дүрмекке қатысқан 15 құрама команда "НҰР ОТАН" партиясы Арал аудандық филиалының жүлдесін өзара бөлісті. 

Қаладағы №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің спорт залында өткен жарыс жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне аудан әкімінің орынбасары М.Мейірбеков, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы басшысы Т.Қанатов және дербес бөлімдердің, мекемелердің басшылары мен спорт сүйер қауым қатысты. Жарыстың қорытындысымен «BILIM start» командасы өзгелерден дара шықты. Ал «Айбын», «Барса» командасы  II-III орынды жеңіп алды.  Жеңімпаздарға  арнайы спорт  кубоктары,"НҰР ОТАН" партиясы Арал аудандық филиалының алғыс  хаты және қаржылай сыйлықтар табысталды.

Айта кетерлігі, жеңіл атлетика, үстел теннисі, валейбол, шағын футбол, арқан тарту және дартс сынды  спорт түрлерінен өткен жарыстар бойынша командалар құрамындағы спортшылар да жекелей марапатталып, үздіктер спорт кубогын иемденді.

Жұмабек Табынбаев,

Арал ауданы.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 желтоксан 2017 г. 561 0