
Жергілікті полиция қызметінле Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі А.Шаймағамбетовтің төрағалығымен «Атқарушылық іс жүргізулер бойынша борышкерлерге тиесілі автокөлік құралдарын ұстау және борышкерге бұрын берілген жүргізуші куәліктерінің қолданысын тоқтата тұру тәртібін анықтау жөніндегі өзара іс-қимыл жасау туралы» бірлескен бұйрықты талқылау жөнінде семинар-кеңес өткізілген болатын.
Аталған кеңеске облыстық прокуратурасының маманы, жеке сот орындаушылар, әділет департаментінің өкілі, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының өкілдері және жергілікті полиция қызметкерлері қатысқан.
Кеңестің шешімі бойынша ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына дейін облыс көлемінде «Борышкер» профилактикалық іс-шарасын өткізу шешімі қабылданды. Аталған іс-шараны өткізу мақсаты – салынған әкімшілік айыппұлдарды өкімет бюджетіне өндіру болып табылады.
Іс-шара барысында қала аумағында барлығы 5 мобилді топ құрылып, 10 полиция қызметкері және 5 жеке сот орындаушылары жұмылдырылды.
Осыған орай, егер де салынған айыппұлға қатысты сауалдар туындаған жағдайда, Қызылорда облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының Әкімшілік практика бөлімінен (Қызылорда қаласы, Жібек жолы көшесі №22) немесе admpraktikakzo@mail.ru электронды поштасына хабарлама жіберу арқылы алуға болатындығы хабарланады.
Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі