Жалағаш. Биыл Жалағаш ауданы, Аққыр ауылы өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтеді.
Кейінгі толқын, жас ұрпақ ауылдың 50 жылдық мерекесін лайықты түрде атап өтуді жоспарлап отыр. Қазір 50 жылдық мерекені атап өту жөнінде ауыл азаматтарынан комиссия құрылып, жұмысын бастады. «Аққыр-Орда» қоғамдық қоры құрылды. «Аққыр» кезінде Қызылқұмның қойнауында мал шаруашылығын дамытқан. Еңбеккерлер өнімді еңбек етіп, елдің дамуына айтарлықтай үлес қосты.