Ветеринариялық салаға қолдау көрсетілді

Ветеринариялық салаға қолдау көрсетілді«Қармақшы аудандық ветеринариялық стансасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында 51 ветеринар маман халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, жануарлардың жұқпалы індеттерінің алдын алу мен түрлі емдеу, ветеринариялық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстарды және ветеринариялық іс-шараларды жоспарға сәйкес жүргізіп келеді. 
Республикалық бюджеттен аудандық ветеринариялық стансасы мен ауылдық округтеріндегі ветеринариялық пункттердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмыс жасалып, өткен жылы барлық ауылдық округтерге 13 арнайы «Нива» автокөлігі, 1 дезинфекциялау қондырғысы бар УАЗ автокөлігі, жол жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы 1- (ПИКАП) автокөлігі, офистік жиhаздар, биологиялық материалға арналған мұздатқыш, жануарларды қозғалтпай ұстауға арналған құрылғы және тағы да басқа ветеринариялық құрал-жабдықтар алынды. 
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 7 ветеринар маманға көтерме жәрдемақы төленіп, тұрғын үй несиесі бойынша үй берілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 ақпан 2014 г. 952 0