« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Кеше Қызылорда қаласындағы «Достық үйінде» облыстық қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Бақберген Досманбетовтың жетекшілігімен қоғамдық тыңдау өтті. Қоғамдық кеңес алаңында облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов агросекторды дамыту мәселелері жөнінде баяндады.
Бүгінде ауыл шаруашылығында агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Агроөнім сұранысын анықтау, сала өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау және кешенді шараларды нақтылау мақсатында облыстың агрокартасы әзірленді. Ол бойынша күріш, бақша өнімдері, балық, жылқы, сиыр, қой етіне сұраныс жоғары екені зерделенді. Биылдан бастап субсидия бөлу ережесі өзгерді. Жергілікті бюджет есебінен гектарлы субсидия тек күрішке беріледі. Ал картоп, көкөніс, бақша, дәнді және майлы дақылдар үшін тоқтатылды. Оның орнын өңдеуге өткізілетін өнімдер басты.
Ирандықтардың сұранысына сәйкес сырбойылық диқандар биыл 4 гектар жерге «Торем Хошеми» сортты күріш егіп көрді. Шығымы жаман болған жоқ. Алдағы уақытта «Ақтөбе және К», «Сыр маржаны» және «Таң ЛТД» серіктестіктері осы елге өткізу үшін ақмаржан егеді. Осылайша Иран Ислам Республикасына 60 тонна өнім экспорттау жоспарланып отыр. Бізде күріштің келісі орта есеппен 150 теңге болса, ирандықтарға он есе жоғары бағамен сатылады.
Буферлік аймақтан шыққалы Иранға – 800-ден көп, Біріккен Араб Әмірлігіне 1000-ның үстінде уақ мал жөнелтілді. Әуелгіде малды тірілей сатып алып, байқап көрген мұсылман елдеріне ендігі жерде мұздатылған ет жөнелту мүмкіндігі туды.
– Жылқы етіне еуропалықтардың сұранысы жоғары. Осыны ескеріп біз еурокод алу бағытында жұмыс жасап жатырмыз. Келесі жылы Еуропаның шығыс бөлігіне жылқы етін шығаруды бастаймыз. Сондай-ақ Қызылорда қаласының Белкөл кентінде ет комбинаты салынады. Қазіргі кезде жобалау жұмысына кірісіп кеттік, – деді С.Қожаниязов.
Кезінде Кеңес одағының түкпір-түкпіріне тарап, даңқы жайылған Сыр қауынын экспорттау ісі екі жылдан бері қайта жанданды. Өзгелер былтыр – 700, биыл 2 мың тонна қауыннан дәм татыпты. Облыс әкімінің орынбасары одан бөлек, жылыжай ісі, тасқын суды пайдаға жарату, мал шаруашылығы бойынша да мәліметпен бөлісті.
Қоғамдық кеңесте жергілікті тұрғындар ауыл шаруашылығына қатысты көкейтесті сұрақтарына жауап алды.
Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |