
Облыс көлемінде «Тең мүмкіндіктер жолы» республикалық акциясы аясында, Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен 08.12.2017 жылы Қызылорда облысы «№6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектепке дейінгі даярлық және 1-ші сынып оқушыларымен «Бала бақыты бәрінен қымбат» атты іс-шарасы өткізілді.
Оқушыларға жол қозғалысы ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары «Тәтті жол белгілерінің» көмегімен жүргізіліп, орталықтық қызметкерлерімен қызықты ойындар ойнатылып, «Жолдос көмекке асығады» атты анимацалық мультфильмі көрсетіліп, түрлі-түсті көрнекі үгіт-насихат және оқу құралдары таратылды.
Жол ережелері «Үздік суретші» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталды.
Іс-шараға атсалысқан мүмкіндігі шектеулі жандар мен ұстаздары алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталды.
Жол үстінде өздерінің тең мүмкіндіктері бар екендігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі.