
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Тек оңтүстікте, оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз болады, кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, желдің күшеюі болжанады.
Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с, Ақмола облысында екпіні 25 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі мүмкін деп болжанады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады.
Түнде Павлодар облысының кей жерінде бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді деп болжанады.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болады, Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ болады деп болжанады.