« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Өңірлік коммуникациялар қызметінде әдебиеттанушы, ғалым, ұстаз Алма Қыраубаеваның 70 жылдық мерейтойына арналған шаралар аясында Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті түркология кафедрасының профессоры Шәкір Ибраев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының профессоры Жұмат Тілепов, осы университеттің профессоры, филология ғылымының докторы Анар Салқынбай және аталған оқу орнының доценті Самал Дәрібайұлының қатысуымен брифинг өтті. Ғалымдар Елбасының: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын рухани жаңғыру ұғымына байланысты ой-пікірлерін ортаға салды.
– Елбасының рухани жаңғыру жөніндегі бастамасы қоғамда жылы қабылданғаны белгілі. Бұл орайда екі мәселені айтқым келеді. Біріншісі, жастар тәрбиесіндегі прагматизм мәселесі. Сондай-ақ, шетелдік кез келген ақпаратты дәл сол қалпында қабылдайтын болсақ, Елбасы айтқандай, ол үлкен қатер болмақ. Сондықтан, бұл мәселелер басты назарда болғаны жөн.
Әдебиеттанушы, ғалым, ұстаз Алма Қыраубаеваның «Сенім» бағдарламасы – қазақ баласын қазақы тәрбиелеу мақсатын бірінші орынға қояды. Қазақтың баласы есіктен сәлем беріп кіруден бастап, ата-бабамыздан қанға сіңген тәрбиесімен тәрбиеленуі керек. Егер бұл жүйені сіңіре алмасақ, ертеңгі ұрпағымыздың дүниетанымы, болашағы өзге мемлекеттің немесе өзге ұлттың мәдени деңгейінде қалыптасуы әбден ықтимал.
Рухани жаңғыру – бір нәрсені жасау, шетелдің дүниесін игеру емес, бұл өзіміздегі бар нәрсені жаңғырту. Бізде дүниелер өте көп. Жазба ескерткіштер, жазбалар, қиссалар, эпостық жырлар секілді дүниелерімізді әрбір қазақ баласы оқып, көріп, біліп, түсіне алатын болса, бұл рухани жаңғыру.
Сондықтан Елбасының бұл бағдарламасы дәл бүгінгі уақыт талабына сай үлкен бастама деп білемін,– деді ғалым Анар Салқынбай.
Ал, ғалым Шәкір Ибраев: «Елбасы рухани жаңғыру идеясын – өмір сүріп отырған тіршілігімізге бейімдеп, салт-дәстүрімізбен ұштастырған. Кез келген ел өзінің болашағын ойлау үшін «кеше кім болдық, біз не атқардық, ертең не болады» деген сауалдарды қою арқылы ертеңгі ұрпақтың болашағына болжам жасауға мүмкіндік алады.
Біз дерексіз нәрсемен бейне жасамаймыз. Өткен тарихымызбен бүгінгі күнге қарай отырып, болашағымызды белгілейміз. Бүгінгі даму барысымызға, аяқ алысымызға сенімді болсақ, істеп жатқан істерімізге көңіліміз толар болса, ертеңгі болашағымыздан зор нәтижелер күтуге болады.
Рухани мәселелерді тәрбиемен тоғыстырып, идеологиялық ойларды игеріп, тарихымызды түгендеп, әдет-салтымызды жинақтасақ, діңгекті идея болып шығады. Егер рухани құндылықтарымыздан жиренетін болсақ, біз ұлттық келбетімізден, ерекшеліктерімізден айырылып ғана қоймай, басқа ұлттардың даярлап қойған құндылықтарының тұтынушысы ғана боламыз. Олай болмас үшін, өз болмысымызды жасауымыз керек»,– деп түйеді.
Брифингте мәртебелі меймандар рухани жаңғыру ұғымына жан-жақты түсінік беріп, Елбасы бастамасының маңыздылығын атап айтты.
А.СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |