Жауынгердің анасына естелік белгі берілді

Жауынгердің анасына естелік белгі берілдіҚармақшы. Ауған соғысында қаза тапқан жауынгер-интернационалист Нұрлыбек Айсауытовтың анасы Досниязова Есенкүл "Жауынгерлік бауырластық" Бүкілресейлік ардагерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.В.Громовтың "Қаза тапқан отан қорғаушының отбасына" атты естелік белгімен марапатталды.
Н.Айсауытов 1979 жылы әскер қатарына алынған. 1980 жылдың 24 сәуірінде қаза тапқан. Қаза тапқаннан кейін «За отвагу» медалімен марапатталған. 1979-1989 жылдар аралығында Кеңес одағы жауынгерлері ауған жерінде интернационалдық борышын өтіп қайтты. Олардың арасында 827 қызылордалық жас бар. Өкінішке орай, олардың ішінен 18-і туған топыраққа тірі оралған жоқ. 
Жауынгердің анасына естелік белгі берілдіЖауынгердің анасына естелік белгі берілді

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 ақпан 2014 г. 1 049 0