
Украиналық боксшы кәсіпқой бокстағы 10-жеңісіне қол жеткізіп отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.
Украиналық кәсіпқой боксшы Василий Ломаченко Нью-Йоркте өткен бокс кешінің басты кездесуінде кубалық боксшы Гильермо Ригондоны жеңіп, екінші жартылай жеңіл салмақта WBO чемпиондық атағын қорғап қалды
Madison Square Garden кешеніндегі жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған еді. Алайда 7 раундтан кейін Бостандық аралының боксшысы кездесуді жалғастырудан бас тартты. Василий Ломаченко мен Гильермо Ригондо − әуесқой бокста ауыз толтырып айтатындай жетістікке жеткен боксшылар. Кубалық 2000 және 2004 жылдары, украиналық 2008 және 2012 жылдары Олимпиада чемпионы атанған.
Украиналық боксшы кәсіпқой бокстағы 10-жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ал Ригондо спорттық мансабында алғаш рет жеңілді.