Иван Дычко мексикалық "супермэнді" бірінші раундта-ақ сұлатып салды

Ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко жұмадан сенбіге қараған түні кәсіби рингте үшінші рет жеңді деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Дычко Флоридадағы бокс кеші аясында"Супермен" деген атпен танылған мексикалық Карлос Сандовалды бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірген. Дычконың қарсыласы бауырынан оңдырмай соққы жеп, кездесуді әрі қарай жалғастыра алмай қалыпты.

Айта кету керек, Дычко кәсіби деңгейдегі мансабын биыл бастаған.

Ол Сандовалға дейін екі рет рингке шығып, екеуін де мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтаған еді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 желтоксан 2017 г. 502 0