Шиелі. Аудандағы Еңбекші ауылында Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері Байдүйсен Оразов атындағы қазақ күресінен 2000-2001 жылдары өмірге келген жасөспірімдер арасында облыстық турнир болып өтті.
Турнирде барлық аудандардан 150–ге тарта жас палуан 10 салмақ бойынша сынға түсті. Жауырыны жерге тимеген жеңімпаздар арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталды. "Ауылдық жерлерде осындай шараларды алдағы уақытта да өткізіп, елді мекендерде спортқа дарынды балалардың өсіп жетілуіне жағдай жай береміз" - деді аудандық спорт бөлімінің басшысы Нариман Сапарбай.