« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
12-13 желтоқсан күндері Қызылорда облысының Шиелі кентінде ҚР Тәуелсіздігі күні аясында Мұстафа Шоқайды еске алуға арналған қазақ күресінен 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтеді.
Биыл 12-ші мәрте ұйымдастырылатын турнирге Алматы қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облыстарынан 12 команда, 200-дей балуандар ұлттық спортты ұлықтайтын болады.
Мақсаты - ұлттық рухты жаңғыртуға ықпал ететін ұлттық спорт түрі қазақ күресін облыс көлемінде дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың спорттық шеберліктерін арттыру, жасөспірімдерді достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу.
Жарыс 9 салмақта (38, 42, 46, 51, 57, 64, 73, 81, +81 келі) өткізіледі.
Республикалық турнирді Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Шиелі ауданының әкімдігі ұйымдастыруда. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер диплом және естелік сыйлықтармен марапатталады.
Турнирдің салтанатты ашылуы: 12 желтоқсан күні сағат 10.00-де, басталуы 10.30-да.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |