
«Өрт сөндіруші» АҚ Қызылорда облысының филиалы Тұңғыш Президент күніне орай дөңгелек үстел өткізді.
Жиналғандар алдында Қызылорда облысы филиалының директоры Ғ.К. Төрешов құттықтау сөз сөйледі.
Ол өз сөзінде келесіні атап өтті:Республика Президенті - азаматтар және адамдардың құқығы мен бостандығының, Конституция тұрақтылығының, мемлекеттік билік пен халық бірлігінің кепілдігі мен нышаны болып табылады.
Бұл мереке Қазақстан үшін мемлекет тарихының жаңа парақтарын еске алатын ерекше күн ретінде қалары сөзсіз.
Өз кезегінде, Тұңғыш Президент мейрамы қарсаңында филиалдың жұмысшысы Т. Сағындықов «Өрт сөндіруші» АҚ Президентінің алғыс хатын алды.
Іс шара соңында филиал директоры жұмысшыларды шын жүректен құттықтап, барлығына жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер, шығармашылық табыстар, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік, республикамыздың игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.
«Өрт сөндіруші» АҚ Қызылорда облысының филиалы.