ЕО-Орталық Азия ынтымақтастығы тұлғалар бейнесімен

Астана қаласында Қазақстандағы Еуропалық Одақ Өкілдігі Халықаралық адам құқықтары күніне орай салтанатты қабылдау, сонымен қатар «ЕО-Орталық Азия ынтымақтастығы» фотокөрмесін өткізеді.
Қабылдау бағдарламасына Қазақстанда адам құқықтарының қорғалуына және ілгерілеуіне орасан зор үлестерін  қосқан азаматтық қоғам ұйымдарын Халықаралық наградалармен (International Human Rights Award) марапаттау рәсімі енгізілген. Номинанттарды Қазақстандағы халықаралық қоғамдастық арнайы құрған  комиссия (International Community Panel) іріктеді.
Іс-шара аясында «ЕО-Орталық Азия ынтымақтастығы тұлғалар бейнесімен» фотокөрмесі өтеді, мұнда Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның Еуропалық Одақ пен Орталық Азия арасындағы табысты әрі жемісті ынтымақтастықты дамытуға үлес қосқан 50-ден астам қайраткерлердің портреттері таныстырылады.
Іс-шараға Қазақстан мен Еуропалық Одақтың үкімет органдары, бизнес, мәдениет және өнер салаларының 150-ден астам өкілдері қатысады. Кештің қонақтары – Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық Одақтың қазіргі кезде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанда #EU4HumanRights және #EU4Women хэштегімен өтіп жатқан ақпараттық науқандарына қолдау көрсеткен ҚР Парламенті Сенатының депутаты, дипломат Бірғаным Әйтімова, жүзуден Параолимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина, журналист, тележүргізуші Ләйла Сұлтанқызы, әнші, модельер  Лидия Досалина (Лидо), актерлер Артур Төлепов және Дина Тасболатова қатысады. Сондай-ақ, Ләйла Сұлтанқызы өзінің жаңадан жарыққа шығарғалы отырған "Әйел" атты кітабын халықаралық қауымдастыққа арнайы таныстырады.
Қазақстандық танымал опера әншісі Сүндет Байғожин іс-шара барысында өзінің үздік опера туындыларын орындайтын болады. Жақында ғана Сүндет Байғожин Рим опера театрында тұңғыш өнер көрсеткен қазақ солисті атанып, ЕО мен Қазақстан арасындағы  мәдени дипломатия байланыстарының көрнекті өкілі болып табылады.
#EU4HumanRights и #EU4Women медиа науқандарының мақсаттары азаматтардың адам құқықтары, гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері, сондай-ақ ЕО сыртқы саясатындағы адам құқықтары саласындағы басымдықтарды талқылау туралы  хабардарлығын арттыру болып табылады.
#EU4HumanRights и #EU4Women медиа науқандары аясында адам құқықтары бойынша әлеуметтік роликтер түсірілген болатын. Олар:
https://www.youtube.com/watch?v=fs82vRgY93Q&t=8s -  «Cіз үшін адам құқығы деген не?»;
https://www.youtube.com/watch?v=AgyNFFb1oVA – мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтары бойынша;
https://www.youtube.com/watch?v=wOWF97VICxQ&t=12s - «Зорлық-зомбылықты тоқтат» әлеуметтік ролигі;
https://youtu.be/mDHilKaOsl8 - #EU4Women әйел құқықтары бойынша Қазақстанның танымал адамдары түскен ролик
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 желтоксан 2017 г. 658 0