
Сұлутөбе ауылдық округі, 1 мамыр ауылындағы Алма Қыраубаева атындағы №40 мектептің алдында орнатылған Алма Қыраубаеваның бюстінің ашылу рәсімі өтті.
Филология ғылымдарының докторы, ғалым, ұлағатты ұстаз Алма Қыраубаеваның бюстін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология және әлем тілдерінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жұмат Тілепов, аудандық мәслиxат xатшысы Болат Сыздық, Оңтүстік Қазақстан облысы педагогикалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Қосай Алтынбеков, Сұлутөбе ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ералы Жұмаділов ашты. Бүгінгі шараға аудан әкімінің орынбасары А.Есмаxанов, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология және әлем тілдерінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Ж.Тілепов, аудандық мәслиxат xатшысы Б.Сыздық, Оңтүстік Қазақстан облысы педагогикалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Қ.Алтынбеков, Сұлутөбе ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Жұмаділов және Алма Қыраубаеваның әріптестері, ардагерлер мен аймақтардан ғалымдар қатысты.