« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінің жақсы атағы баршаға аян. Қашанда мәдени – көпшілік шаралардан қалыс қалмайтын аталмыш білім ордасы бұл жолы да белсенділігімен танылды.
Колледждің өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Г.Рахманбердінің ұйымдастыруымен өткен «Елбасы еңселеткен Елорда» атты мерекелік кеш көрермендердің көңілінен табылды. Өскелең ұрпақты елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған шараға «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Қасқырбек Мамбетжан, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғани Темірбаев өзге де қонақтар қатысты.
Салтанатты рәсім ҚР Мемлекеттік Гимнімен басталды. Елбасы туралы баяндама оқылып, әндер айтылып, көркем сөздер оқылды. Шарада колледж кітапханашысы С.Сугурова ұйымдастырған «Мәңгілік ел-Тәуелсіздік мұраты» атты кітаптар көрмесі, видеороликтер көпшілік назарына ұсынылды. Кеш барысында шақыртылған қонақтар құттықтау сөз сөйледі. Мерекелік кеш №76 топ студенттері орындаған «Нұр аға» атты хормен түйінделді. Кешті ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Амандосова Жадыра мен өндірістік оқу шебері Сыдық Саматтың жоғары деңгейде жүргізгенін атап кеткен ләзім.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |