« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының ұйымдастыруымен Елбасы Жолдауы мен Ұлт Жоспарын жүзеге асыру барысын түсіндіру мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Шара «Қосшыңырау» бастауыш партия ұйымында өтті.
Кездесуге «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары ШәріпӘбдірахманов, Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы Асқар Жүсіпов, партия белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шәріп Әбдірахманов:«Қазақстан қазіргі экономикасы қарқынды даму үстіндегі, саяси тұрақты мемлекет. Қазақстанның әрбір жетістігінің бастауында Елбасы тұр. Әлем Қазақстанды толеранттықтың эталоны деп таниды. Өйткені соңғы 10 жылда еліміз қатарынан бірнеше саяси реформалар жүргізіп, үлкен нәтижелерге жетіп отыр. Елбасының әрбір халқына жолдаған Жолдауы осы кезге дейін нәтижесіз қалмады. Кешегі 31 қаңтардағы Жолдау да соның дәлелі. Биылғы Жолдау өзінің ауқымдылығымен, мазмұндылығымен баршаның көңілінен шыққанынатап өтті».
- Жолдауда Елбасымыз әрбір салаға жіті назар аударып, еліміздің экономикасы мен саяси хал-ахуалына ерекше көңіл бөле отыра нақты қадамдарға жол бастайды. Әлемдік дағдарыс дауылы басылмаса да, Елбасы стратегиясы мен еліміздің қажыр-қайратының арқасында жаңа кезеңге жетістікпен өте шығатынымыз анық, - деді өз сөзінде Қосшыңырау ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы Жүсіпов Асқар.
Жиын барысында Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын негізгі бағыттарына жиылғандар өз пікірлерін қосып, жүктелген жауапкершілікті нақты жүзеге асыру бағытында бірлесе жұмыс жасауға уағдаласты.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |