«Тең мүмкіндіктер жолы» акциясы басталды

1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясының арнайы қарарында 3 желтоқсанды Халықаралық мүгедектер күні деп жариялап, бүкіл мемлекеттерді және халықаралық ұйымдарды осы күнді өткізу барысында ынтымақтасуға шақырған.

Қазіргі уақытта 650 милионнан астам адам немесе әлем халқының 10% мүгедектіктің әртүрлі нысанына ие.

Осыған орай, яғни мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру, жол жүрісіне қатысушылардың әдепті қарым-қатынас жасау қажеттілігі және оларды жолда тең мүмкіндікпен қамтамасыз ету мен қоғамдық қолдау көрсету мақсатында ағымдағы жылғы желтоқсан айының 4-8 күндері аралығында Қызылорда облысы аумағында «Тең мүмкіндіктер жолы» республикалық акциясы өткізілуде.

Акция барысында көше-жол желілерінің және мүмкіндігі шектеулі жандар көптеп баратын мекеме аумақтарының тиісті жол белгілерімен және басқа да техникалық құралдармен жабдықталуын қамтамасыз ету шаралары жүргізіледі. 

Сонымен қатар жол қауіпсіздігі мәселелері бойынша құқықтық сауаттылыққа бағытталған әңгімелесулер, дәрістер, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастырылмақ.

Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 желтоксан 2017 г. 626 0