Шиеліде баға тұрақтылығы назарда ұсталуда

Шиеліде баға тұрақтылығы назарда ұсталудаШиелі. Баға тұрақтылығына байланысты қазіргі таңға 3 жеке кәсіпкермен меморандум жасалды. Бүгінде ауданымызда ұнның 8 күндік, күріштің 2 айлық, картоптың 1,5 айлық қоры бар". Аудан әкімдігі баспасөз қызметі аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Жақсылық Әлиевке сілтеме жасап осылайша мәлім етті.

Ал, аудандық қаржы бөлімінің басшысы Ағыбай Төлегеновтың хабарлауынша ауданда 2014 жылғы 1 ақпанға қаржы игеру 98 пайызды құрап отыр. Бұл мәлімдемелер аудан әкімінің орынбасыры Болат Ысмағұловтың төрағалығымен өткен тұрақты кеңес мәжілісінде айтылды. Жиында одан өзге Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында 21-22 ақпан аралығында облыстық ақпараттық насихаттық топ өкілдерімен өткізілетін кездесулер пысықталып, іс-шара жоспары бекітілді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 ақпан 2014 г. 758 0