« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қызылорда қаласындағы №8 П.Д.Осипенко атындағы орта мектепте мектеп директоры Карлығаш Сақтағанқызының бастамасымен бұл мереке өте үлкен деңгейде тойланып өтті.
Бұл мерекенің тойлануының себебі осы мереке арқылы жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын танып, оның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтауына үлесін қосу болатын. Осыған орай мектебімізде 23-29 қараша күндері «Менің бейбітшілік мекенім » атты жас суретшілер байқауы және «Елбасы – зор тұлға » атты тақырыбында жас ақындардың Елбасына арналған өз шығармашылығынан 22 оқушы бақ сынаған болатын. Соның нәтижесінде оза шыққан оқушыларды жас суретшілер жетекшісі А.Рахимова және жас ақындар жетекшісі Н. Жармаханова бастап шығып мектеп директорының К.Сақтағанқызының алғыс хатына ие болды.
Сонымен қатар облыстық, қалалық жарыстардан орын алған оқушыларда назардан тыс қалған жоқ. Әрі қарай мектебімізде Нұрсұлтан есімді оқушылар сахна төріне шақырылып, есімдерін кім қойғандығын, болашақта кім болатындығы жөнінде қызықты сұрақтар қойып, көрермендердің ықыласына бөленіп, сыйлықтар тарту етілді. Іс-шара соңында мектебіміздің мақтанышы Болгарияда өткен «XXI ғасыр – менің ғасырым» атты байқаудың алтын жүлдегері Берік Арайлымның «Жаса, Қазақстан» әнімен қорытындыланды.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |