Бейбіт Шүменов Қанат Исламды жаттықтырып жатыр

Ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы қазақстандық боксшы Бейтін Шүменов (17-2, 11 КО) отандасы Қанат Исламды (25-0, 20 КО) алдағы болатын жекпе-жекке дайындауда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі profiboxing.kz-ке сілтеме жасап.
Қанат Ислам қазіргі уақытта Шымкенттегі Royal Club Fitness & SPA базасында Шүменовтың жетекшілігімен күніне 3 сағат жаттығу жасауда. Қанат жаттығудың келесі кезеңін желтоқсан айында АҚШ-та жалғастырады.
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBA) қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламға (25-0, 20 КО) міндетті қарсылас белгіледі. Бірінші орта салмақта өнер көрсететін отандасымыздың міндетті қарсыласы америкалық боксшы Джон Вера (18-0, 11 КО). Екі тарап өкілдерінде жекпе-жекті ұйымдастыруға 30 күн бар. Кері жағдайда кездесуді өткізу құқығы бәссаудаға қойлады.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов ресми түрде карьерасын аяқтағанын мәлімдеген еді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 желтоксан 2017 г. 495 0