Аяқсыз туылған қазақстандық жеткіншек атақты Ник Вуйчичпен кездесті

Аяқсыз дүниеге келген астаналық Әли Тұрғанбеков атақты оратор Ник Вуйчичпен кездесті. Тағдырлас жандардың кездесуі қалай өткенін анасы ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді деп хабарлайды.

Әлидің әкесінің айтуынша, бір ай бұрын белгіленген кездесуде олар 30-40 минуттай әңгімелескен.

«Никке баламыздың жетістіктері туралы айттық. Әли футбол ойнайды, жүзумен айналысады. Баламыздың гол соққан видеосын көргенде Ник аяғы жоқ баланың футбол ойнағанына таңғалды.

Әли өте бақытты болды. Олар қалжыңдасып, әңгіме-дүкен құрып, суретке түсті», - деді Азамат Тұрғанбеков.

Әкесінің сөзінше, олар Вуйчичке өз проблемаларын айтқысы келмеген. Бірақ Никтің өзі не алаңдататынын сұрай бастапты.

"Жақында Астана әкімінің қабылдауында болғанбыз. Ол баспана мәселесін шешіп беремін деп уәде еткен. Байланыс нөмірлерімізді алып қалған", - деді Азамат.

Әлидің анасы кішкентай сәбиімен Алматыға келе алмаған. Бірақ жұбайы жіберген фотоларды көрген келіншек еріксіз көзіне жас алыпты.

«Әрине, көзіме жас алдым. Ник адамға шабыт береді. Баламның Ник сияқты беделді болғанын қалаймын», - деді анасы.

Айта кету керек, қазіргі таңда Никтің әйелі, 2 ұлы бар. Жақында егіз қызы дүниеге келеді.

Оратор арнайы келген Synergy Global Forum бизнес-форумы Almaty Arena сахнасында өтіп жатыр. Ертең келушілер үшін әлемнің ең тәжірибелі адамдары тренинг өткізетін болады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 желтоксан 2017 г. 547 0