« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Synergy Global Forum Almaty қонағы, танымал боксшы, кәсіпкер Майк Тайсон өзінің қиындыққа толы болған балалық шағы, достары, бапкері, жанұясы және ислам туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.
Он мыңдаған аудитория алдында сөз сөйлеген Майк бала кезінде жеуге ештеңе таппағанда тамақ ұрлағанын есіне алды.
Сондай-ақ, ол өзінің әйелін ең жақын адамы деп білетінін, барлық жеңістерінің себепшісі сол адам болғанын жасырған жоқ.
«Мен боксер болуды армандадым, менің арманыма шабыт бітірген Мұхаммед Алимен кездесуім еді. Мен 11 жаста болған кезде, Мұхаммед Али біздің мектепке келген болатын. Осы кездесуден соң, мен боксер боламын деп шештім. Қуанышыма орай, маған жақсы тренер тап болды», - деді ол.
"Иә, ақшаны жинамау керек, жұмсау керек. Мен ақшаны оңды-солды жұмсадым. Қазір олай етпеймін", - деп қосты.
Боксшы өз кезегінде уақытын текке жұмсамайтынын, соған қоса продюсерлікке қадам басқысы келіп жүргенін атап айтты.
Мен шоу жасадым. Мультфильмнің дыбысталуына, фильм түсіріліміне қатыстым, енді продюсерлік етсем бе деймін",
Майк, сонымен қатар, сатқындық тақырыбында да сөз қозғады.
"Мен сенуге болмайтын адамдарға сеніппін. Менің кінәм - өз өміріме қажетсіз адамдарды кіргізгенімде. Менің төрт мың досым болды. Банкрот болған кезімде, осы достардың ешқайсысы жанымнан табылмады. Қазір достарымның саны бар болғаны төртеу ғана", - деп мәлімдеді ол.
Боксер ислам дінін ұстанып, соның шарттарымен өмір сүреді.
"Мен мұсылманмын. Мені Алла таңдады", - дейді Майк.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |