Тұңғыш Президент күніне арналған музыкалық флешмоб өтті

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қызылорда облысы бойынша филиалы Халыққа қызмет көрсету орталығында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған өте әдемі де әсерлі іс-шара өтті. Керемет мерекелік іс шараға ұйыткы болған Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған музыкалық флешмобын ұйымдастырды.
Шара барысында мектептің халық аспаптар оркестрінің орындауында Құрманғазының «Балбыраун», «Сарыарқа», «Адай» және Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» мен «Әлқиса» секілді күйлері шырқалды. Сонымен қатар, мектептің өнерлі оқушылары Елбасымыздың сүйіп тыңдайтын әндерінен және Ұлт Көшбасшысына арналған әндерден шеру жасап, халыққа қызмет көрсету орталығына келген облыс тұрғындарына мерекелік тамаша көңіл күй сылады.
Шараның мақсаты қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, ұлттық өнеріміздің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу болып табылады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 желтоксан 2017 г. 760 0