« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Кемел көшбасшы» тақырыбында №11 мектеп оқушыларының қатысуымен онлайн сабақ ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты - Елбасымыздың жүргізіп отырған саясатын, іскерлік қабілетін, ұшан-теңіз еңбегін жас ұрпаққа жеткізу және насихаттау.
Шараға №11 мектеп-лицейінің 10 «А», 8 «А» сынып оқушылары өте жақсы дайындықпен келгендігін көрсетті. 10 «А» сынып оқушысы Шахмардан Ақнұрдың Елбасы туралы жасаған слайд-презентациясы, оқушылардың Елбасы Н.Назарбаевқа арнау өлеңдері көрермен көңілінен шықты. Шарада №11 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Бақыткүл Жубекешова және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Зухра Мәди Елбасының еліміз үшін жасаған жарқын істері және тәуелсіз еліміздің қол жеткізген жетістіктері туралы толық мәліметтер берді. Ұйымдастырылған онлайн сабақ барысында жас ұрпақ Елбасының сарабдал саясатын, еліміздің жарқын болашағын дамыту жолындағы жетістіктерін тамашалай отырып, тың серпіліс, рухани азық алды.
1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні» болып ресми түрде жарияланды. Еліміздің жоғары заң шығарушы органы мұндай шешімді ең алдымен Қазақстан Республикасында 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президент сайлауымен байланыстырады. Дәл осы 1 желтоқсанда, алғаш рет өткен жалпыхалықтық сайлауда егемен Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент болып сайланды. Осы уақыт аралығында Елбасымыз Қазақстанды халықаралық аренада жаңа деңгейге көтерді. Мемлекет Басшысының жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз саяси және әлеуметтік-экономикалық сілкіністерге ұшырамай, дербес дамудың өтпелі кезеңіндегі қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, ілгерілеу мен өркендеу жолына шықты.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |