Жанкүйерлердің «Мейвезер Головкиннен қашты» дегендерін қаламаймын — танымал футболшы

Америкалық «Сиэтл Сихокс» футбол командасының ойыншысы Брэндин Зулу кіші Флойд Мейвезер (50-0, 27 КО) қазақстандық спортшы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) кездесуі тиіс деген пікірде, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Sports.kz басылымына сілтеме жасап.
«Ертеңгі күні біреулердің «Флойд сол кезде қашып жүрді» деп айтқанын қаламаймын! Сол себепті, Флойдтың осы кезде GGG−мен кездескені дұрыс» деп жазды Зулу өзінің твиттердегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, Головкин Мейвезер секілді қарсыласпен кездесу үшін салмағын азайтуға дайын екенін айтқан болатын. Ал Флойд өз кезегінде ресми түрде мансабын тоқтатқанын мәлімдесе де, әлі күнге дейін жаттығып жүр.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 желтоксан 2017 г. 583 0