
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесінің тойлануының өзіндік ұлтқа берері мол. 1-желтоқсан Қазақстанның шежіресінде үлкен мәнге ие, сондықтан аталмыш датаның Тұңғыш Президент күні ретінде тойлануы заңды құбылыс.
Бүгінде бұл мереке әділет департаментінде аталып өтілді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған салтанатты жиналыс Әнұранды орындаумен ашылды. Департаменттің бөлім басшысы Е.Тажикенов мерекенің тойлануының тарихы мен маңыздылығына тоқталып, баяндама жасады. Бұдан кейін департамент басшысы Қ.Сапаров марапатталған қызметкерлерге ведомстволық наградалар мен Әділет министрінің грамотасы мен алғыс хатын және де облыс әкімінің алғысын салтанатты түрде тапсырды.