Қызылорда облысында 740,4 мың адам тұрады

Қызылорда облысында 740,4 мың адам тұрадыҚызылорда. 2013 жылдың  1 қантарға алдын-ала деректер бойынша облыс тұрғындарының жалпы саны 740,4  мың адамды құрады.
Облыстық статистика департаментінің хабарлауынша, оның ішінде қалалықтардың саны – 317,0 мың адам және ауылдықтардың саны – 423,4 мың адам. Қалалық тұрғындар үлесіне  42,8, ауылдықтар үлесіне – 57,2  пайызы тиесілі. 2013 жылдың қаңтар-желтоқсан  айында   облыста 20253 нәресте дүниеге келген. Бұл 2012 жылдың  осы кезеңімен  салыстырғанда  104 адамға өскен. Жалпы халықтың туу коэффициенті 1000 тұрғынға есептегенде 28,10 –дан 27,61–ге  азайған. 2013 жылдың қаңтар-желтоқсан  айында  облыста  өлім көрсеткіші 4412 адамды  құрап, 266  адамға азайды (2012 жылдың қаңтар-желтоқсан  айында 4678 адам). Ал жалпы өлім көрсеткішінің коэффициенті әрбір 1000 тұрғынға шаққанда 6,57-ден 6,01-ге азайған..Тұрғындар арасындағы өлім себептерінің негізгі топтарының басым үлес салмағын қан айналымы жүйесінің  аурулары алады (22,1%).
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 ақпан 2014 г. 801 0