Жазушы, эколог Сайлаубай Жұбатырұлымен шығармашылық кездесу өтт

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Руханиятты қолдау» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен танымал публицист, аясында «Парасат» орденінің, отандық әдебиет саласы бойынша  ҚР Мемлекеттік стипендиясының иегері, жазушы, эколог Сайлаубай Жұбатырұлымен шығармашылық кездесу өтті.

Кездесуге үкіметтік емес ұйым мүшелері, тіл мамандары, ғалымдар, докторнаттар, магистранттар,  студенттер қатысты.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында туған жерді түлетуге атсалысып жүрген тұлғаларды танытуға байланысты «Біз «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөз­дің байыбына бара бермейміз. Шын мәнінде, Тәуел­сіздік дәуірінде өзінің еңбегімен, білімімен, өнері­мен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар. Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш» деген болатын. Осы орайда туған жердің экологиялық мәселесін шығармашылығына арқау еткен жазушы Сайлаубай Жұбатырұлының жақында ғана «Абыржы» трилогиясын жас оқырмандарға насихаттаудың маңызы зор.

 «Алыстағы аралдар», «Жасыл сағым», т.б. кітаптары мен «Абыржы» трилогиясы, көптеген киносценарийлері арқылы оқырман қауымға етене таныс қаламгер. Ол сонымен қатар Арал проблемасын әлемдік ауқымда мәселе етіп көтеруде еңбегі ерен қайраткер. Ендеше, ісімен ірі, сөзімен ел таныған ерек тұлғалардың бірі болып жүрген эколог-жазушы, «Парасат» орденінің иегері Сайлаубай Жұбатырұлы келер жылы мерейтойын атап өткелі отыр.

 Танымдық кездесуге әдебиет сүйер зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар қатысып, шығарманың көркемдік сипаты мен ондағы туған жердің тағдырына қатысты пікірлерін ортаға салды.

 Анықтама үшін: Сайлаубай Жұбатырұлы 1948 жылы 11 қаңтарда Қызылорда облысының Арал ауданындағы Бөген ауылында туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.

«Қазақстан пионері» (қазіргі «Улан») газетінде, «Қазақфильм» киностудиясында, Қазақ КСР Мәдениет министрлігінде, Қазақ телевидениесінде, М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрында жауапты қызметтер атқарды.

Тұңғыш рет 1967 жылы «Білім және еңбек» журналында «Аралды қайтсек сақтаймыз?» деген проблемалық мақаласымен, «Қазақстан пионері» газетінде жарияланған «Боз айғыр» әңгімесімен көрінді. 1971 жылы жастарға арналған шығармалардың жабық бәйгесінде «Алыстағы аралдар» повесімен 2-орынды жеңіп алды. «Отты еткел», «Бумеранг» повестері, бірсыпыра әңгіме-новеллалары «Жасыл сағым» (1978), «Алыстат аралдар» (1980), «Зеленый мираж» (орыс тілінде, 1984) жинақтарында және бірнеше ұжымдық жинақтарда жарық көрді. «Алақандағы ұя» әңгімесі әлемнің бес тілінде жариялайды.

«Қазақфильм» түсірген толық метражды көркем фильмнің («Бумеранг», 1981), Қазақ телевидениесі түсірген «Күзгі жол» көркем телефильмінің (1987) авторы. Елуте тарта көркем фильмді аударған. «Абыржы» (2000-2003) трилогиясының екі кітабы жарыққа шықты. 1967 жылдан Арал, Сырдария, Байқоңыр, Балқаш келі мәселелерін көтерген эколог-қаламгер. «Кіші Арал», «Қазақстан арнасы» идеяларының авторы.

Сайлаубай Жұбатырұлы 2007 жылы «Парасат» орденімен марапатталған. 2008 жылғы Отандық әдебиет саласы бойынша ҚР Мемлекеттік стипендиясының иегері.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қараша 2017 г. 1 074 0