Мүшел жастағылар Мәуліт мерекесін ұйымдастырды

Мүшел жастағылар Мәуліт мерекесін ұйымдастырдыҚармақшы. Ауданда Мәуліт мерекесін жыл сайын мүшел жасқа келген 49 жастағы азаматтар мен азаматшалар ұйымдастырып, өзінен кейінгі 48 жастағыларға келесі жылдың Мәуліт мерекесін өткізуді аманаттап отырады.
Дәстүрге айналған бұл мереке жуырда аудандық мәдениет үйінде өтіп, Мұхаммед пайғамбарымыздың туған күнінде жиылған көпшілікке оның өмірі туралы, адамның адамгершілігі, имандылығы, ата-ана алдындағы, қоғам алдындағы парызы туралы тағлымды әңгімелер айтылды.
1965 жылы туылған азаматтар бүгінгі күнге дейін бақилық болған құрдастарының өмірбаяндық деректері мен суреттерін слайд арқылы көрсетіп, еске алды, олардың аруағына құран бағыштады.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мәуліт мерекесіне қатысқан олардың ата-аналарына, аудан ардагерлері мен азаматтарға құдайы ас беріліп, Ақмешіт-Сырдария мешітінен келген найб имамдар құран қатым түсірді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 ақпан 2014 г. 955 0