« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қызылорда қаласының оңтүстік өнеркәсіптік «Тұрангаз» ЖШС жанар-жағар май құю станциясы аумағында орналасқан өрт-тактикалық жаттығулар өткізілді.
Жаттығулардың негізгі мақсаты - өрт сөндірушілер мен қызметкерлердің төтенше жағдайларда әрекетіне үйлестіру, жауынгерлік іс-әрекеттерін жүргізу үшін объектінің ерікті өрт сөндіру құралымдарын оқыту және жаттығуға тартылған күштер мен құралдардың өзара әрекеттесуін жақсарту.
Кәсіпорында тұрмыстық баллондарды сұйылтылған газбен толтыру үшін құрал-жабдықтар орнатылған. Нысанның пайдалану және техникалық сипаттамаларын ескере отырып, газ құбырын қосу арқылы шартты өрт орын алды. Сол кезде газды сорғылау жұмыстары жүргізілді. Жану нәтижесінде жарылыс қаупі және жұмысшылардың күйіп қалуы болды. Жаттығу жоспарына сәйкес қызметкерлер «өрт» туралы хабарды «101» жедел өрт сөндіру қызметінің нөміріне дереу жеткізді. Сол уақытта ерікті өрт сөндіру құралымдары магистральдық газ құбырынан газды дереу өшіріп, жақын маңдағы тұрған теміржол цистерналарын салқындатты. Өрт сөндіру бөлімшелері жануды түпкілікті тоқтатуға бағытталған іс-әрекеттерді тез бастайды, сондай-ақ оның қайта пайда болуы мүмкіндігін жоққа шығарады.
Жаттығулар барысында Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрам қызметкерлері үшін тәжірибелік дағдылары пысықталды. Сондай-ақ өрт сөндіру жедел штабтың іс-қимылдары әзірленді.
Оқу-жаттығуларға Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінен 48 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылды.
Іс-шараның соңында Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Е.Мақашев оқу-жаттығуды қорытындылап, өрт сөндіру бөлімшелері мен нысанның қызметкерлерінің біріккен іс-әрекеттерін атап өтті.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |