Ауыл әкімдігі жаңа ғимаратқа қоныстанды

Ауыл әкімдігі жаңа ғимаратқа қоныстандыШиелі ауданы, Жиделіарық ауылдық округі әкімінің аппараты жаңа ғимаратқа қоныстанды. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыған дейін ауылдық клубтың бір шетінде отырып келген әкімдік бұрынғы мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жаңалап шыққан. Сондай ақ, бұл ғимаратта ауыл әкімдігінен бөлек ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ветпункт меңгерушісі, ауылдық учаскелік полиция инспекторы қоныстанған.
2005 жылдың қаңтар айынан бастап өз алдына ауылдық округ болып құрылған.
Жиделіарық ауылы Шиелі ауданының солтүстік-шығыс бөлігі Қаратау етегінде, X-ғасырда Оғыз хан Оқшы батырлар өмір сүрген әйгілі Бестам қаласының іргесінде орналасқан. Жалпы жер көлемі -2753 га, оның ішінде мал жайылымы-518 га, суармалы егістік жер-1060 га, шабындық-30 га.
Аудан орталығынан ара қашықтығы -22 км, Жиделіарық ауылының масштаб бойынша жер көлемі-727 га, 147 қожалық, 189 отбасы, 6 көшеге орналасқан. Ауыл тұрғындары негізінен мал және егін шаруашылығымен айналысады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 ақпан 2014 г. 979 0