«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы хабарлауынша, 2014 жылдың 16-18 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейіп, көктайғақ күтіледі.
Осыған байланысты, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.