Бағаны негізсіз өсірген газ желісі ұйымдарына айыппұл салынды

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің облыс бойынша департаментімен ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сәйкес 2017 жылдың қаңтар-сәуір айлары қорытындысымен талдау жұмысы жүргізілді. Облыс бойынша автокөлікке жанармай құю үшін сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу тауар нарығында бағаның негізді/негізсіз өскендігін анықтау мақсатында ұйымдастырылған талдау нәтижесіне сәйкес тауар нарығында өз қызметтерін жүзеге асыратын кейбір субъектілер тарапынан ҚР бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілері байқалған болатын.
Осыған байланысты департамент іс-әрекеттерінде аталған заңбұзушылық белгілері байқалған «Қызылорда-Газ» ЖШС, «Арал Газ» ЖШС, «Тұрангаз» ЖШС, «Автогаз Трэйд» ЖШС, «Азия Оңтүстік Пром» ЖШС, «INVADAM» ЖШС АФ» ЖШС, «Auto Gaz Statsion» ЖШС және «TS Оңтүстік жанармай» серіктестіктеріне қатысты тергеу жүргізіліп, тергеу нәтижесіне сәйкес іс-әрекетінде заңбұзушылық белгісі анықталмаған «TS Оңтүстік жанар май» ЖШС-нен басқа нарық субъектілеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, істер сот қарауына жолданды.
Сот шешімдеріне сәйкес «ТОО «Қызылорда-Газ» ЖШС, «Арал Газ» ЖШС, «Тұрангаз» ЖШС, «Автогаз Трэйд» ЖШС, «Азия Оңтүстік Пром» ЖШС, «INVADAM» ЖШС АФ» ЖШС және «Auto Gaz Statsion» ЖШС бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер Департамент пайдасына шешіліп, монополиялық кірістері тәркілене отырып, аталған нарық субъетілеріне 14,2 млн. теңге мөлшерінде айыппұлдар салынды. Қазіргі таңда, сот шешімдері заңды күшіне енген жоқ.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу,
бәсекелестікті және тұтынушылардың
құқықтарын қорғау комитетінің
Қызылорда облысы бойынша департаменті
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қараша 2017 г. 551 0